Карантинде туған күн кешін ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды
Шымкентте арантин кезінде туған күн кешін ұйымдастырғандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өзінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіріп, туған күн кешін ұйымдастырғандар жауапқа тартылды. Ағымдағы жылы 22 желтоқсан күні Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан «17 Avenue» рестобарында туған күн тойлаған азаматтарды анықтады. Видео жазбада қонақтардың әлеуметтік ара қашықтық сақтамағанын және қызметкерлердің медициналық бетперде тақпағандығын аңғаруға болады. Тәртіп сақшылары аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттарды ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) шара көру үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігінін бақылау басқармасына жолдады.