Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантинде жұмыс істеген кафе Шымкентте анықталды

Шымкент қаласында карантин режиміне қарамастан кафе жұмыс істеп тұрғандығы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халық арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес карантин режимінің сақталуын бақылау мақсатында тұрақты түрде рейдттік іс-шаралар жалғасуда. Алайда қойылған шектеулерге қарамастан Шымкент қаласы Бәйтереков көшесінде орналасқан «Центрум» кафесі жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Қаулыда көрсетілген шектеулерді өрескел бұзып, ешқандай ескертулерді елемей жұмысын жалғастырған кәсіпкерлік нысанның әкімшісіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар Шымкент қаласы  Әл-Фараби ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру