Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ карантиндік шектеулер кезінде Қазақстан Республикасына шетелдік мамандарды шақыру тәртібін еске салады

ІІМ карантиндік шектеулер кезінде Қазақстан Республикасына шетелдік мамандарды шақыру тәртібін еске салады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Карантиндік режим кезінде Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары төрағалық ететін Ведомствоаралық комиссия бекіткен “2020 жылдың 11 мамырынан бастап карантиндік шектеулер кезеңінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту тәртібі” қолданылады.

Осы құжатқа сәйкес, шетелдіктерге – әлеуметтік маңызы бар компаниялардың қызметкерлеріне (мамандарына) Қазақстан Республикасына кіру  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары төрағалық ететін арнайы құрылған ведомствоаралық комиссия бекіткен тізім бойынша әрбір жеке жағдай бойынша рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлғалардың (әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдар, серіктестіктер, фирмалар және т.б. – бұдан әрі “шақырушы ұйым”) шетелдік азаматтарды – мамандарды Қазақстан Республикасына шақыру тәртібі келесі әрекеттер алгоритміне сәйкес жүзеге асырылады:

1) шақырушы ұйым (шетелдік серіктестермен бірге) жобаны іске асыруға тартылатын мамандардың саны мен тізімін және келу күнін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа елдердегі шетелдік мекемелеріне виза алу үшін өтініш беретін орынды анықтайды.

2) Шақырушы ұйым заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктерге) не ҚР профильді министрлігіне (ведомствоға) шетелдік мамандарды тарту туралы мәселені Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) қарауына енгізу туралы өтінішхатпен жүгінеді.

Бұл орайда ішкі еңбек нарығын қорғау үшін жұмыссыз азаматтардың санын, жұмыс күшіне деген сұранысты еңбек ресурстары есебінен қанағаттандыру мүмкіндігін, оның ішінде жұмыссыз азаматтарды оқыту, қайта даярлау немесе олардың біліктілігін арттыру арқылы шетелдік жұмыс күшін тарту жоспарланған кәсіптер мен мамандықтар бойынша жұмыс істейтін босатылған жұмысшыларды ескеру қажет.

Хатта жобаның сипаттамасы мен әлеуметтік маңыздылығы, шақырушы тарап, жоба үшін қажетті шетелдік мамандардың саны мен тізімі, сондай-ақ шамамен кіру күні көрсетілуі керек.

3) өтінішті әкімдіктің немесе Қазақстан Республикасының тиісті министрлігінің (ведомствосының) қарау нәтижелері бойынша ұсынысты ВАК отырысына енгізу туралы шешім қабылданады.

4) егер өтініш ВАК отырысының хаттамасымен мақұлданса, тиісті шешім бекітіледі және уәкілетті мемлекеттік органдарға шетелдік мамандардың Қазақстан Республикасының аумағына келуіне көмектесу туралы тапсырма беріледі.

Сыртқы істер министрлігі ВАК хаттамаларын Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық және консулдық мекемелеріне жібереді.

Шақырушы ұйым жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) немесе профильді министрліктер арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне белгіленген мәліметтермен болжамды күнін және Қазақстан Республикасына кіретін шетелдік мамандардың тізімдерін жібереді.

5) Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше тәртіп көзделмесе, визалық талаптарды орындау қажеттілігі ескерілуі керек. ҚР визаларын беру үшін (егер ҚР визасы қажет болса) шақырушы ұйым шетелдік серіктестен шақырылған адамдар туралы ақпаратты сұрайды (паспорттың бірінші парағының сканерленген көшірмелері және т.б.) және ВАК хаттамасының шешіміне сәйкес, шетелдік мамандарға шақырту (визалық қолдау) беру үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметінің аумақтық бөліміне қажетті құжаттарды ұсынады.

Анықтама үшін: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейбір шетелдік мамандарға Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарында жұмыс күшін тартуға рұқсат алу қажет (визалық қолдауға жүгінгенге дейін).

6) шақырту туралы келісіп, визалық қолдау нөмірін алғаннан кейін шақырушы компания өзінің нөмірін және хаттың көшірмесін шетелдік серіктеске немесе шетелдік мамандарға Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінің біріне виза алуға құжаттар тапсыру үшін жібереді.

7) Қазақстандық визаны алғаннан кейін шетелдік мамандар Қазақстан Республикасына, барлық санитарлық-карантиндік шараларды (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарын ескере отырып) сақтай отырып, кіреді.

8) шақырушы тарап:

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-карантиндік талаптарын сақтауға;

– депортация кезінде, санитарлық және карантиндік нормалар бұзылған жағдайда шығындарды төлеуге;

– шетелдік құзыретті органдарға тікелей хабарласу арқылы қабылдаушы елден кетуге ресми рұқсат алуға міндетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру