Кәсібилік пен жауапкершілік үндескен қызмет
Қызылорда облысы полиция департаменті Қазалы ауданының полиция бөлімінің анықтау тобының анықтаушысы қызметі жайлы айтты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуы – үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет. Сол жауапкершілікті күн сайын абыроймен атқарып жүрген мамандардың бірі – анықтаушы.
Қызылорда облысы полиция департаменті Қазалы ауданының полиция бөлімінің анықтау тобының анықтаушысы Айдәулет Айдар Шәриұлы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді адалдықпен атқарып келеді.
Оның жұмыс күні әрбір істің мән-жайын анықтаудан басталады. Оқиға орнында жиналған материалдарды зерделеу, дәлелдемелерді саралау, процессуалдық шешімдер қабылдау – анықтаушы қызметінің күнделікті бөлігі. Әрбір істе заң талаптарын басшылыққа алып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына басымдық береді.
Анықтаушы қызметі – мұқияттылықты, кәсіби біліктілікті және әділ шешім қабылдай білуді талап ететін жауапты мамандық. Әрбір істің мән-жайын жан-жақты зерделеу арқылы Айдәулет Айдар Шәриұлы заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуына өз қызметі аясында үлес қосып келеді.
