Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентау қаласында мал ұрлығымен айналысқан қарақшы топ құрықталды

Кентау қалалық полицияға жергілікті тұрғын мал ұрлығы бойынша арызданған. Қарақшылар зейнеткердің қорадағы 2 қойын қолды еткен. Келесі күні Кентау қаласының тағы бір тұрғынынан полиция бөлімшесіне дәл осындай сипаттағы арыз келіп түскен. Арызданушыға келтірілген жалпы шығын сомасы 200 мың теңгені құрайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған жайттарды Кентау қалалық полиция бөлімшесінің сотқа дейінгі тергеу-тексерудің біріңғай тізіліміне қылмыстық кодекстің 188-1 бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынады. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын атқарып, оның ішінде жақын маңдағы аумақтарды аралап, мал таситын автокөліктерді және оны сату орындарын тексеріп, куәгерлерден жауап алды, сондай-ақ мал ұрлығын анықтау және ұстау бойынша басқа да қажетті іс-шараларды жүргізді.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, Кентау қаласының полиция қызметкерлері малдарды ұрлаған күдіктілерді құрықтады. Олар Кентау қаласының үш тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында қылмыстық топтың 2 мал ұрлығына қатысы бар екендігі анықталды. Ұрланған қойларды жас жігіттер сатып, ал ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Полиция қызметкерлері күдіктілердің басқа да осыған ұқсас мал ұрлығы қылмыстарына қатысы бар екенін анықтады.

Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу материалдары айыптау актісімен бірге сотқа жолданды. Өз кезегінде, тәртіп сақшылары Түркістан облысының тұрғындарына қры-қарыдан сақ болуды және үй малын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Мүмкіндігінше өзінің шаруашылық аулаларына жарық орнату және шаруашылық аулалардың есіктеріне сенімді құлыптар орнату керектігін айтады. Сондай-ақ малдарды таңбалап, сырға салып, ірі қара малды бақылауға мүмкіндік беретін арнайы чип қондырғысын пайдалануға кеңес береді.

Мал ұрлығы орын алып немесе төрт түлігіңіз жоғалған жағдайда дереу 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру