Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қайтадан қателікке бой алдырмау-басты міндет

Шығыс Қазақстан Облысы ҚАЖД мекемесіне қарасты ОВ 156/6 мекемесінде 2016 жылдың 8 желтоқсанында тұңғыш президент жарлығымен белгіленген “Қақпа алдында кездесу “атты әлеуметтік жоба өткізілді,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік жобаның мақсаты – түрмеден босатылған  азаматтардың жұмысқа орналасуына және олардың қоғамға бейімделуіне көмек көрсету. Сотталған азаматтарды темір тордан босап шыққаннан кейін өмірге қайтадан ыңғайландыру.Осы орайда «Қақпа алдында кездесу» жобасының маңызы зор.  Бұл жоба арқылы темір тордың ар жағындағы  айыпталушылар босатылуға дайындалып,болашаққа бағытталып,қайта әлеуметтенуге дағдыланады . Сотталған М.Ж жазасының қалған бөлігін шектеу жазасына ауыстырып,қалған 2 жыл жаза өтеу мерзімін ШҚО ҚАЖД Шемонаиха аудандық пробация қызметінде өтемек.Сонымен қатар сотталған А.С пен Ю.Т шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Абақтыдан босап шыққан азаматтарды Шемонаиха аудандық пробация қызметі, Шемонаиха аудандық жұмыспен қамту орталығы және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері күтіп алды,әлеуметтік құқықтық көмек көрсетуге шақырылған мамандар аталған сотталғандарға бос жұмыс орындарын ұсынып, тіркелу тәртібін де айтып түсіндірді. Кездесу соңында сотталушыларға тәртіп сақшылары  қайталап құқық бұзушылыққа жол бермей, бостандықта туыстық қатынасын нығайтып, қоғамға қайта бейімделуі керектігін ескертті. Сондай-ақ мекеме әкімшілігі өз тарапынан босатылған сотталғандарға өмірде өз орындарын тауып, қайта қылмыстылыққа бармауларына тілектестік білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру