Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғынға себепсіз шабуыл жасаған адам ұсталды

Түркістан облысының полицейлері Кентау қаласының тұрғынын тонаған ер адамды ұстады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, ол
арызында, белгісіз адам ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсетті. Жәбірленушінің айтуынша, танысымен бірге Қонаев көшесінде келе жатқанында оған тонаушы шабуыл жасап, қолындағы ұялы телефонын тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Аталған жайт Кентау қалалық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, Қылмыстық кодекстің 191-бабы “Тонау”
бойынша тіркелді . Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден асты. Күдіктіні ұстау мақсатында полиция бөлімінде жедел-тергеу тобы құрылып, жедел-іздестіру іс-шараларына жүргізілді . Полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақты аралап, куәгерлерден жауап алды, сондай-ақ бейнебақылау камераларын тексеріп, барлық қажетті іздестіру шараларын жүзеге асырды. Нәтижесінде, Кентау ҚПБ-нің жедел уәкілдері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары азаматтарға қырағы болуға және қажетті сақтық шараларын сақтауға кеңес береді. Ұялы телефонды шалбардың артқы қалтасында және оны оңай ұрлауға болатын басқа да қолжетімді жерлерге салуға болмайды. Барынша қылмыскерлердің көзіне түспей, құнды заттар мен ірі ақша алып жүруден бас тарту керек, қымбат телефон арқылы бөтен адамдардың алдында сөйлесіп назар аудартпау керек. Бейтаныс адамдарға ұялы телефонды беруге болмайды, ал шабуыл жасаған жағдайда көмекке шақырыңыз. Сондай-ақ адамдар аз жерлерде, қараңғы тұйық көшелерде, аулаларда және жарықтандырылмаған көшелерде жүруден аулақ
болу керек.
Сізге қатысты қылмыс жасағаннан кейін бірден полицияға хабарлаңыз , өйткені бұл қылмыстарды “ізін суытпай” ашуға ықпал етеді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелілігі осығанда байланысты.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру