Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация қызметінде қиындықтар туындайды

Шығыс Қазақстан облысының пробация қызметінің қызметкерлері бір күндік жұмыс күнімен таныстырды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметі дамып келе жатқан институт негізі түріндегі қылмыстық-атқару инспекциясы. Бүгінгі инспекторға қойылатын талаптар өте жоғары. Ол ҚР-ның басты заңдарын, қылмыстық-атқару жүйесі саласында қолданылатын нормативтік құжаттарды білуі және тәжірибеде қолдана білуі тиіс. Сонымен қатар, психолог болу керек, сотталғанды қолдай білу, оны түсіне білуі керек.

Сотталғанды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес қылмыстық жазаларды орындау, сотталған адамдарға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету, сондай – ақ олардың тарапынан құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша-пробация қызметі инспекторының бірінші кезектегі міндеті.

Пробациялық бақылаудағы адамдар моральдық және пәрменді ұйымдастырушылық қолдауды қажет етеді. Бұл ретте, көпшілігінде отбасылық байланыстар едәуір әлсіреді, басқаларында олардың жай-күйі жоқ, жұмысқа орналасуда, тұрғын үй іздеуде, қарапайым тамақтандыруда елеулі қиындықтар туындайды.


Пробация қызметі инспекторының күні соттан немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен келіп түскен материалдарды, үкімдер мен қаулылардың көшірмелерін тіркеуден және сотталған адамды профилактикалық есепке қоюдан басталады.
Жаңадан келген сотталғанға оның құқықтары мен міндеттері, пробация қызметінде жазаны өтеу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылық түсіндіріледі.
Одан әрі адамның жеке басын, денсаулық жағдайын, оның білім деңгейін және еңбекпен жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің болуын анықтай отырып, зерттеу жүргізіледі, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық көмек көлемін анықтау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды; әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін түсіндіреді. Адамның жеке басын және өмірлік жағдайын зерделеу нәтижелері бойынша жеке бағдарлама жасалады, ол бойынша сотталған қандай да бір көмек көрсету үшін жергілікті атқарушы органдарға, медициналық мекемелерге немесе үкіметтік емес ұйымдарға жіберіледі.
Пробация қызметкері барлық жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарының базалары бойынша есепте тұрған сотталғандарға мониторинг жүргізеді, пробацияға келген сотталғандармен кезекті тіркеу жүргізеді.
Сондай – ақ, пробация қызметінің қызметін реттейтін қылмыстық және атқарушылық заңнаманы күнделікті зерделейді және мемлекеттік қызметкелердің этикалық нормаларын ұстанады.

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін пробация қызметінің қызметкері өзі жетекшілік ететін әкімшілік аумаққа барады, онда учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша тексеруді жүзеге асырады, өйткені пробация қызметінің негізгі бағыты – сотталған адамдарды тұрғылықты жері бойынша қоғамнан оқшаулаусыз бақылауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, тексеру кезінде сотталғандармен және ықпал етуі мүмкін адамдармен, яғни ата-аналарымен, жұбайларымен, кәмелетке толған балаларымен, көршілерімен және басқа да туыстарымен әңгімелеседі.

Бұдан басқа, пробация қызметінің инспекторы есепте тұрған сотталғандарға бақылауды сапалы жүзеге асыру және оларға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету мақсатында жергілікті полиция қызметі органдарымен, аумақтық пробация қызметтерімен, көші-қон полициясы, қылмыстық қудалау органдарымен, прокуратурамен, сотпен, жергілікті атқарушы органдармен, қайырымдылық қорларымен және басқа да қызметтермен өзара іс-қимыл жасайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру