Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентау қаласында жыл басынан карантин талабын сақтамаған 230 тұрғын анықталды

Түркістан облысының Кентау қаласында 230 карантин талабын сақтамағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық-дәрігерінің карантин режимін сақтау бойынша нұсқауына сәйкес тиісті мекеме қызметкерлерімен қарқынды қызмет атқарылуда. Оның ішінде тәртіп сақшылары да күні-түні мобильдік топтармен профилактикалық, рейдтік жұмыстарды жүргізуде. Мысалы, Кентау ҚПБ Жергілікті полиция бөлімшесі қызметкерлерімен 2021 жылдың І-тоқсанында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен жалпы 230 құқық бұзушылық анықталып, жинақталған құжаттар СЭББ-ға шара көру үшін жолданған. Анықталған құқық бұзушылықтардың нәтижесінде, коронавирус індетіне қатысты шектеулерді елемеген 12 дүкен иесі, 10 кафе иесі, тоғыз базар, алты жайт тұрғылықты жері бойынша мерекелік шаралар өткізгендер, бес ойынхана, бес әсемдік салоны, төрт монша, оған қоса 179 жеке тұлғаларға қатысты құжаттар жинақталған. Бүгінде олардың 73-іне СЭББ-пен шара көрілген. 

Осыған байланысты мысал ретінде келтірсек, Кентау қаласының учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақты аралау кезінде, С.Сейфуллин көшесі бойында үйлердің бірінде беташар той болып жатқанын анықтайды. Тез арада қонақтарға, жергілікті тұрғындарға жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, карантин талаптарын бұзып той жасаған тұрғынға, құқық бұзушылыққа жол бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен шара қолдану үшін тиісті жұмыстар жүргізілген. Яғни, іс бойынша құжаттар Кентау қалалық СЭББ-ға жолданған.

Мұндай жағдай Кентау қаласы Қарашық елді мекенінің бірінде де орын алды. Яғни тексеру барысында полицейлер, тұрғын үй ауласында 100-ден астам адамды жинап, той өткізіп жатқан тұрғынды анықтады.

Ал, кезекті рейд кезінде учаскелік полиция инспекторы Б.Асанов Кентау қаласы көшелерінің бірінде орналасқан моншаның түнгі мезгілде жұмыс істеп тұрғанын анықтаған. Алайда өзін моншаның иесімін деп таныстырған тұрғын, «жұмыс жасап тұрмағандарын, тек ішін тазалап жатқандарын» айтып, жауапкершіліктен жалтармақшы болған. Тексеру кезінде полицей, монша иесінен басқа адамдардың кіріп-шығып жүргендерін анықтайды. Бұл жайт учаскелік полицейдің бейнежетонына түсірілген. Одан бөлек монша ішінде бетпердесіз қызмет көрсетілгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін қалалық СЭББ-ге жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру