Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда “Astra Consulting agensy” ЖШС қызметі қаржылық пирамида ретінде танылды

Алматыда “Astra Consulting agensy” ЖШС қызметі қаржылық пирамида ретінде танылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасы осы компанияның басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты алғашқы мәлімдеме полицияға 2019 жылдың желтоқсанында түскенін еске түсірді. Бүгінгі күні зардап шеккендердің ресми саны – 124 адам.

– Азаматтарды ақша салуға тарту және ай сайынғы девиденттерді төлеуге уәде беру бойынша бірқатар алаяқтық іс-әрекеттерді жасады деген күдікпен компанияның алты қызметкері ұсталып, қамауға алынды. Оның жетекшісі халықаралық іздеуге жарияланды. Күдіктілердің іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі (Қаржылық пирамида) бойынша квалификацияланған. 124 салымшыға келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 601 миллион 245 мың 283 теңгені құрады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ПД тергеу Басқармасы жүргізеді. Заңсыз әрекеттердің басқа қатысушыларын, сондай-ақ жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты біз жоғарыда аталған компания өкілдерінің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды тергеушіге мына телефон нөмірі 8-701-732-86-54 арқылы байланысуға немесе Алматы қаласы, Масанчи көшесі 55 үйге келіп ресми өтініш жазуға шақырамыз, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру