Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы Полиция департаменті тұрғындарды жол қауіпсіздігі ережесін сақтауға шақырады

Қызылорда облысы Полиция департаменті тұрғындарды жол қауіпсіздігі ережесін сақтауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан 64 жол көлік оқиғаларында 20 адам қайтыс болып, 90 адам әр түрлі дене жарақаттарын алды. Жол көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі – жолда жүру ережелерінің өрескел бұзылуы.

Жолда жүру ережелерін бұзу деректерін анықтауда “Азаматтық патруль” белсенділігін арттыру қажет. Полиция бекеттерімен қамтылмаған жерлерде жол ережесін бұзуды, азаматтық белсенділік танытып, фото-бейнеге түсіріп, анықтаған деректер бойынша қатысты тиісті шара қолданылады (фото, видеода міндетті түрде күні, уақыты көрсетілуі тиіс). Деректерді құқық бұзушылықтарға шұғыл әрекет ету мақсатында азаматтарға арналған жаңа сервис – “102” мобильді қосымшасына хабарлауларыңызға болады.
Қазір, мектеп оқушылары қашықтықтан оқу форматындағы оқуға көшуіне байланысты, білім беру орындары аумағында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ювеналды полиция және патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Құрметті облыс тұрғындары баршаңыздан белгіленген жылдамдықты асырмауға (592 б.-9774), қарсы бағытқа шықпауға (596/3 б.-59), автокөлікті мас күйде басқармауға (608 б.-203), яғни жол ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру