Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентауда дүкенде тұрған сөмкеден алтын бұйымдар мен ақша ұрлаған күдіктілер ұсталды

Кентауда дүкенде тұрған сөмкеден алтын бұйымдар мен ақша ұрлаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қалалық полиция бөліміне әйел адам арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер дүкен ішінде тұрған қара сөмкесінен алтын бұйымдары мен ақшасын, сонымен қатар сөреде тұрған сегіз ішімдікті ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 400 мың теңгеге жуық.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде, күдікті ретінде бұрын сотты болған екі ер адам ұсталды. Олар бір-біріне көршілер болып келеді.

Анықталғандай, екі көрші зат сатып алуға дүкенге кірген. Содан ешкімнің байқамай тұрғанын пайдаланып, оңай олжалы болуды көздеген. Қолдарына ілінген бөтеннің мүлкін жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Қос күдіктіден алтын бұйымдар тәркіленіп алынды. Күдіктілер ұрлаған алтын бұйымдарды жасырып қойып, ұрлаған ішімдіктерді ішкен. Қазіргі таңда екі жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру