Кентауда пробация есебіндегі сотталған жаза тәртібін бұзғаны үшін қамауға алынды
Кентауда пробация есебіндегі сотталған жаза тәртібін бұзғаны үшін қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Кентау қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде 140 сотталған бар.
Кентау қалалық пробация қызметі есебінде тұратын Батыр есімді сотталғанның ісі қаралды. Оған жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген уақытта үйінде болмай, профилактикалық іс-шаралаға қатысу үшін есеп беруге келмеген.
Сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін және алдағы уақытта жаңадан қылмыс жасауының алдын алу мен оның түзелу жолына түсуіне ықпал жасау мақсатында пробация қызметінің сотталғанның жазасын ауыстыру туралы ұсынысы қанағаттандырылды.
Сот аталған ұсынысты ҚР ҚК-нің 44-бабының 3-бөлігіне сай сотталған ер адамның жазасын – бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырды.
– Бұл азамат өзі түзеу мекемесінен босап, пробация қызметіне тіркеуге алынған болатын. “Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды” деген Бауыржан Момышұлының ұлағатты сөзін әрбір еліміздің азаматы есте сақтау қажет. Пробация есебіне тіркелген азамат өзіне заң бойынша жүктелген міндеттерді бұзбағаны дұрыс. Өзінің жасаған қылмыснан сабақ алғаны абзал, – деді Кентау қалалық пробация қызметі бөлімінің инспекторы Жанәлі Өтешов.