Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентаулық полицейлер “Халық алғысын” алды

Кентаулық үш полицей “Халық алғысын” алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пандемияға байланысты еліміздің түрлі салаларында қызмет жасайтын азаматтар аянбай еңбектеніп, індеттің бетін қайтаруға өзіндік үлестерін қосты. Әсіресе медицина мамандары мен полиция қызметкерлерінің еңбегі зор деп айта аламыз. Олар карантин уақытында күшейтілген режимде қызмет атқарып, халықтың саулығы үшін күні-түні кірпік ілместен блок-бекеттерде тұрып, шаршамастан қызмет етті. Осы жағдайды ескерген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің амандығы үшін еңбек еткен мамандарға марапат ұсынуға Жарлық етті. Аталған “Халық алғысы” медалін Кентау ҚПБ-нің үш бірдей қызметкеріне де бұйырды. Осылайша қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге жеткен полицейлерге тиесілі марапаттары ұсынылды. Төтенше жағдай кезінде халық игілігі үшін еңбек еткен қызметкерге Мемлекет басшысының бұл марапаты үлкен демеу болмақ.

Алғысқа бөленген қызметкерлер қатарында Кентау қалалық ПБ Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Ерғали Жумашев, учаскелік полиция инспекторы Жәнібек Смайлов, патрульдік полиция тобының қызмет аға инспекторы Бексултан Кенбаев бар. Пандемиямен күресте белсенділік танытқан қызметкерлер, еңбектерінің ескерілгеніне риясыз алғыстарын жеткізіп, Қазақстан Республикасы үшін қалтқысыз қызмет етуге уәде берді.

Өздеріңізге белгілі, әлемді жайлаған коронавирус індетіне қатысты төтенше жағдай кезінде тәртіп сақшылары блок-бекеттерде тәулік бойы өз отбасыларынан жырақта қызмет атқарды, өздеріне бекітілген аумақта карантин талаптарының қатаң сақталуына жұмыла кірісіп, бақылауда ұстады. Бұл бағыттағы жұмыстар қазіргі карантинге кезінде де жалғасып, тәртіп сақшылары Бас санитариялық-дәрігердің қаулысына сәйкес талаптардың сақталуын назардан түсірген емес.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру