Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кіші Алматы өзенінің жағасынан қару қоймасы табылды

Кіші Алматы өзенінің жағасынан қару қоймасы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жуырда ЛА-155/18 мекемесі жедел-іздестіру бөлімінің ақпараты бойынша тағы бір қару қоймасы табылды.

Алматы қаласы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасымен бірлесе отырып өткізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде кіші Алматы өзенінің жағасына жасырған қарулардың ішінде бірауызды 12 калибрлы ИЖ-27 мылтығы, пневматикалық тапанша, 6 шулы граната мен 36 оқ-дәрі бар.

Табылған қаруларға қатысты Қылмыстық кодексі 287-бабының 3-тармағы бойынша, яғни атыс қаруын (Тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру