Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкнәрден есірткі дайындаған екі ақмолалық тұрғын ұсталды

Көкнәрден есірткі дайындаған екі ақмолалық тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусымда Бурабай ауданының полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері «Қарасора-2022» арнайы операциясы шеңберінде экстракциялық апиын есірткісін заңсыз дайындап сақтаған Оқжетпес ауылының екі тұрғынын ұстады. Есірткіні ер адамдар тағамдық көкнәрден дайындаған.

Тінту кезінде жедел уәкілдер қара қоңыр сұйықтық бар үш медициналық шприцті, көлемі 5 литр полимерлі бөтелкені және ұқсас заты бар металл табаны тауып алып, тәркіледі. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, бұл ерітінді салмағы 8,98 грамм экстракциялық апиын есірткі құралы болып шықты, бұл аса ірі мөлшерге жатады. Мұнда «зертхана» деп аталатын жерде полиция қызметкерлері ұсталған адамдар есірткі жасаған түрлі құрылғылар мен ыдыстарды тәркіледі. Шикізат ретінде ауыл тұрғындары тағамдық көкнәрді, ал алынған апиынды жеке пайдалану үшін қолданғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі заттарын заңсыз дайындау және сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олардың біреуі осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталғаны белгілі болды. Екі ер адам тергеу кезеңінде уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру