Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жаяу жүргіншілерге жол бермеген жүргізуші әйел жауапқа тартылды

Павлодарда жаяу жүргіншілерге жол бермеген жүргізуші әйел жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 маусымда “102” қосымшасы арқылы Павлодар полициясына ер адам жүгінді. Ол Мәшһүр Жүсіп – М.Горький көшелерінің қиылысындағы бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп бара жатқан көлік туралы полицияға хабарлады. Қоңырау шалушы көліктің маркасы мен нөмірін айтып, жүргізушінің қай жаққа бет бұрғынын жеткізді.

– Жақын маңдағы автопатруль аталған көлікті анықтады, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 599-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Енді бір шағым Павлодар қаласының тұрғынынан әйел жүргізушіге келіп түсті. Тұрғынның айтуынша, Лермонтов көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанда, Тoyota жүргізушісі оған жол бермеген. Полицейлер тәртіп бұзушыны ӘҚБтК-нің 600-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ол жұмысқа асығып, “тез өтіп кетемін” деп үміттенгенін түсіндірді.

Сондай-ақ, Полиция департаментінің баспасөз қызметі биыл облыста жаяу жүргіншілерге жеңілдік жасамаған 1 262 жүргізуші және бағдаршамның қызыл белгісін елемеген 1 112 жүргізуші анықталғанын атап өтті. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру