Көкшетауда құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында эстафета өтті
Көкшетауда құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында эстафета өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Барлық қазақстандықтар үшін 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, туған-туыстары мен жақындарын, өз Отанын қорғауға дайын нағыз ер адамдардың мерекесі жақындап келеді. Бүкіл ел бойынша осы атаулы күнге, сондай-ақ 9 мамыр Жеңіс күніне арналған іс-шаралар өткізіледі.
Ақмола облысының Полиция департаменті мереке қарсаңында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында шаңғы базасында аралас қызметтік эстафета ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – жеке құрамның дене дайындығы деңгейін арттыру, қызметкерлердің кәсіби шеберлігі мен спорттық біліктілігін арттыру.
Жарыс алты кезеңнен тұрды: 500 метрге жүгіру және кросс, жараланғанды зембілде тасымалдаумен жүгіру, алғашқы медициналық көмек көрсету, жараланғанды өзімен алып жүру және газтұтқышпен жүгіру.
Бұл күні әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлері кезекті рет шынығу, рух күшін, ерік-жігер мен төзімділікті көрсетті.
Жалпы командалық есепте полиция департаментінің аппараты үздік нәтиже көрсетті, екінші орынды «ҚР ҰҰ 5510 әскери бөлімі» РММ қызметкерлері, ал үшінші тұғырға «ҚР ІІМ Ақмола облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ командасы көтерілді.
Жарысты қорытындылай келе, «Динамо» ДСҚ Ақмола филиалының жетекшісі Виктор Букреев жарысқа қатысушыларды келе жатқан атаулы мерекелермен құттықтап, жеңімпаздарға кубоктар мен грамоталар табыс етті. Виктор Букреев жиналғандарға денсаулық, таусылмас жауынгерлік рух және қызметте табыс тіледі.