Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда сауда үйінің бейнекамерасына ұрлық сәті түсіп қалды 

Көкшетауда сауда үйінің бейнекамерасына ұрлық сәті түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қаңтарда Көкшетау қаласының полиция басқармасына 33 жастағы жергілікті тұрғын 13 қаңтарда сағат 11:55-те сауда үйлерінің бірінің тұрмыстық химия бөлімінде белгісіз адам еркін қол жеткізу арқылы 4 сусабын ұрлағаны туралы өтінішпен жүгінді. Тексеру кезінде ұрлық фактісі анықталды. Залал сомасы 5 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Сауда үйінде орнатылған қауіпсіздік камераларының жазбалары қаскөйді табуға көмектесті. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған Петропавл қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Бөлім қызметкерлерінің басқа іспен шұғылданып жатқан уақытын пайдаланған ер адам тауарларды сыртқы киімнің астына жасырып, бутиктен шығып кеткен.

Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 187-бабы 1-бөлігі (Ұсақ ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру