Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда төбелеске қатысқан тұрғындар анықталды

Көкшетауда төбелеске қатысқан тұрғындар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының ойын-сауық орындарының бірінде демалып жатқан бірнеше жергілікті тұрғындар қарым-қатынастарды анықтауға шешім қабылдаған, бірақ ауызша жанжал төбелеске ұласты.

Кафе жанындағы ер адамдар жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы байқап, дереу көрсетілген мекенжайға жақын орналасқан автопатрульді жіберді. Полицейлердің сол жерге келгені дұрыс болды: ер адамдар арасындағы жағдай қызып, жұдырықтаса бастаған. Мән-жайды анықтап, жанжалға қатысушыларды полиция басқармасына жеткізу үшін оқиға орнына патрульдік полиция батальонының 4 наряды барды. Полиция ашуланған ер адамдарды тоқтатып, барлық ұрысқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алды.

Нәтижесінде полицияға 28-44 жас аралығындағы Көкшетау қаласының 4 тұрғыны жеткізілді.

Осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру