Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда жалған нөмірмен көлік айдаған жүргізуші ұсталды

Көкшетау полицейлері 10 жыл бұрын есептен шығарылған мемлекеттік нөмірмен жүрген автокөлік иесін құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қалалық ПБ ЖПҚБ ППБ қызметкерлері Жүнісов – Назарбаев көшелерін патрульдеу барысында Mercedes Benz  көлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде көліктің тиісті құжаттары болмады. Автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі басқа автокөлікке тиесілі екендігі және 2014 жылы есептен шығарылғандығы анықталды.

Mercedes Benz автокөлігінің 50 жастағы иесі өзінің көлігін ҚР-да есепке қоюға үлгермеген және мәселені тіркеу нөмірлік белгілерін ауыстыру арқылы шешкен. Қазіргі уақытта көлік мамандандырылған тұраққа қойылды.

Құқық бұзушының өзі ҚР ӘҚБтК 590-бабының (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) 3, 4 бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған заң бұзушылық үшін жүргізушіге 15 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. Бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады немесе  бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.

Айта кету керек, жыл басынан бері әкімшілік баптың осы бөлігі бойынша жалған нөмірлерді пайдаланған 12 жүргізуші айыпқа тартылған болатын. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру