Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда жедел уәкілдер қостанайлық пәтер ұрысын ұстады

Көкшетауда жедел уәкілдер қостанайлық пәтер ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қыркүйек Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне 60 жастағы жергілікті тұрғын ұрлық туралы өтінішпен жүгінді. Әйел бір күн бұрын сағат 20.40-та оның пәтерінің кіреберісінен еркін қол жеткізу арқылы бейтаныс әйел 85 мың теңге сомасында ақша қаражаты бар әмиянды ұрлағанын хабарлады. 

Қалалық Полиция басқармасының жедел уәкілдері қаскүнемнің ізіне тез түсті. Қылмыстың құрамы, сондай-ақ бұрын бар жедел ақпарат полиция қызметкерлерін есепте тұрған және басқа аймақтардағы әріптестеріне жақсы таныс ұрыға алып келді.

Күдікті бұрын ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Қостанай облысының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол ұсталып, қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қаскүнем қарт адамдар тұратын пәтерлерді тауып, ұялы телефондағы қуат бітті деген сылтаумен үйлеріне кірген. Қарттар оған қалалық нөмірден қоңырау шалуға рұқсат берген.

Бейтаныс адам зейнеткерлердің назарын бөліп, сол кезде ақша, зергерлік бұйымдар мен ұялы телефондарды ұрлады. Полиция қызметкерлері осындай жолмен Атбасар, Нұр-Сұлтан, Қостанай қалаларында жүргізілген ұрлықтың бірнеше оқиғасын анықтады. Тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру