Көкшетаудағы сауда үйінің біріндегі ұрлық бейнекамера объективіне түсіп қалған
Көкшетаудағы сауда үйлерінің біріндегі ұрлық бейнекамера объективіне түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
31 қаңтарда Көкшетау полициясына орталық базар аумағында орналасқан сауда үйлерінің бірінде тұрмыстық химия ұрланғаны туралы өтініш түсті. Күдіктілерді жедел ұстау үшін криминалдық полиция қызметкерлері бірден бутик ғимаратында орнатылған бейнебақылау камераларын мұқият зерттеді. Бақылау кезінде жедел қызметкерлерінің көзіне мінез-құлқы күдікті болып көрінген қыз түскен.
Сатушының жұмысын пайдаланған жас қыз тұрмыстық химияны қолына алып, кассаның жанынан өтіп дүкеннен шығып кеткен.
Жеке басы анықталғаннан кейін күдікті ұсталды. Белгілі болғандай, бұл 23 жастағы арудың алғашқы жасаған ұрлығы емес.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.