Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы ұрлық жасаумен айналысып жүрген әйелді ұстады

Алматы полициясы ұрлық жасаумен айналысып жүрген әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының 33 жастағы тұрғыны қалта ұрлық жасап, ақша табуға бел буды.

– Екі қалта ұрлығын жасады деген күдікпен Д.есімді азаматша ұсталды. Біздің мәлімет бойынша қаскөй қалаға жұмыс істеу үшін келгендей жүрген. Құрбанын іздеп, сауда орталықтарын аралап жүрді. Әйел адам сауда үйінің бірінде келушінің қалтасынан IPhone телефонын ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта тергеушілер ұсталған азаматшаның Алматының басқа да аудандарында жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру