Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері есірткілік мас күйдегі жүргізушіні анықтады

Ақмола полицейлері көлік жүргізу құқығынан айырылған есірткілік мас күйдегі жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 ақпанда сағат 03:00 шамасында Шевченко көшесіндегі патрульдік полиция батальонының “Әскер-7” экипажының қызметкерлері облыс орталығының 29 жастағы тұрғынының басқаруындағы Mercedes маркалы автокөлігін тоқтатты. Полиция қызметкерлері Абылайхан Әбілов пен Жангелді Аймурзинов жақсы жарықтандырылған көшеде жарық шамдарын жағып жүріп келе жатқан көлікке назар аударды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ер адам каннабиноидтарды қолданудан туындаған есірткіге мас болған.

Деректер базасын тексеру кезінде бұл азаматтың 2020 жылы 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру