Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетаулық мас тұрғын полицейдің заңды талабына бағынбай, күш көрсеткен

Көкшетаулық мас тұрғын полицейдің заңды талабына бағынбай, күш көрсеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 25 қарашасында Көкшетау станциясының теміржол вокзалында желілік полиция бөлімінің патрульдік полицейі масаң күйде болған қала тұрғынын ұстады.

Масаңдық дәрежесін анықтау үшін құқық бұзған азаматты медициналық куәландыруға жеткізу кезінде ол полиция қызметкеріне бағынбай күш көрсетіп, бетіне зақым келтірген.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, құқық бұзушыда жеңіл дәрежелі алкогольдік масаңдық анықталды.

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы 4-бөлігі (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев айтты.

Күдіктіге қатысты сот үй қамағына санкция берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру