Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетаулық жедел уәкілдер әмиян ұрлығын ашты

Көкшетаулық жедел уәкілдер бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтың әмиян ұрлығына қатысы бар екендігін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 3 қарашада Көкшетау қ. ПБ кезекші бөліміне Красный Яр ауылының 48 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті. Арызданушы полицейлерге белгісіз тұлға “Армада” СҮ қарама-қарсы орналасқан “Куры гриль” павильонынан ақша, банк картасы және құжаттары бар әмиянды ұрлап әкеткенін айтты.

Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық істі бастады.

Павильонда жұмыс істейтін жәбірленуші есікті жабуды ұмытып, бірнеше минутқа дүкенге барып-келмекші болған. Қайтып оралғанда, мен әмиянның жоқ екенін көрген. Тәртіп сақшылары дүкенде орнатылған бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, мүліктік қылмыстар үшін бұрын сотталған күдіктіні анықтады.

Ол бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 50 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Полиция күдіктіні өз үйінде ұстады. Портмоне құжаттармен айғақты зат ретінде алынып, иесіне қайтарылды. Алайда ақшаны қайтару мүмкін болмады, өйткені күдікті оны жеке қажеттіліктеріне жұмсп үлгеріпті. Әйелге қатысты “келу туралы міндеттеме” процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру