Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Көлік алып беремін”: Сарыағашта танысын алдап кеткен әйел анықталды 

Сарыағашта көлік алып беремін деп танысын алдап кеткен әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сарыағаш полициясына Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, өзінің танысы жеңілдетілген несиемен Toyota 55 көлігін алып беретінін айтып, 2,5 млн теңгесін алып кеткен. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген автокөлікті де, не өз ақшасын да ала алмаған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында күдікті деп танылған жұмыссыз әйелді анықтады. Белгілі болғандай, күдікті әйел жәбірленушіні алдап, ақшасын қалтасына басқан. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру