Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші ұсталды

Қызылордада көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысында жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші ұсталды. 31 қаңтар күні Сырдария ауданында жергілікті уақыт сағат 22:50 шамасында полиция қызметкерлері көлік құралының Жол қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғандығын байқайды. Дереу тоқтатып, тексеру барысында көлікті тізгіндеген 26 жастағы облыс тұрғынының жүргізуші куәлігі жоқтығын анықтайды. Өткен жылы, яғни 2019 жылдың желтоқсан айында соттың шешімімен оның көлік құралын жүргізу құқығынан 3 жылға айырылғандығы белгілі болады. Бірақ, көлік құралын басқару құқығынан айырылған бола тұра бұл азамат көлік құралын алкогольдік масаң күйде қайта басқарып, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері алкогольді анықтау мақсатында куәландыруды жүргізу үшін азаматты наркологиялық орталыққа жеткізді. Сараптама қорытындысы бойынша азамат орта дәрежедегі мас күйінде болған.

Тәртіп бұзушы дереу Сырдария аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346- бабының 1-бөлігі («Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы дерегі»)  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Кінәліге, жүргізушіге қатысты автокөлік жүргізу құқығынан өмір бойы айырыла отырып, 5000 АЕК-ге дейін айыппұл /13.255 000 теңге дейін/ салуға немесе 5 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру