Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер жедел іс-шарасы барысында 97 экологиялық заң бұзушылықтарды анықтады

Қызылордалық полицейлер «Браконьер»  жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 97 экологиялық заң бұзушылықтарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың қаңтар айының 05 мен 06 ақпан күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.  Іс-шараға арнайы мобильдік топ құрылып, жұмылдырылды. Шара барысында облыс бойынша барлығы 97 заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде, заңсыз ағаштар мен бұталарды кесу бойынша-  8 дерегі анықталды.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 01 ақпанында «Самара-Шымкент» тас жолында Тартөғай ауылы тұсында Шиелі тұрғыны басқаруындағы және Сырдария тұрғыны басқаруындағы екі «ГАЗ-33» маркалы автокөліктері тоқтатылып, тексеру барысында автокөліктердің жүк салғышынан заңсыз сексеуіл бұталары табылды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 340-бабының 1-бөлігі бойынша (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Осыған сәйкес, Қызылорда облысының Полиция департаменті аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру