Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері әуе рейсіне тіркеу кезінде тәртіпке бағынбаған жолаушыны жауапқа тартты

Көлік полицейлері әуе рейсіне тіркеу кезінде тәртіпке бағынбаған жолаушыны жауапқа тартты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана – Алматы бағытындағы әуе рейсіне тіркеу кезінде 30 жастағы алматылық азамат өзіне қойылған стандартты қауіпсіздік сұрағына жеңіл-желпі қарап, жауапкершіліксіз әзілдеді. Әуежай қызметкері тыйым салынған немесе жарылғыш заттардың бар-жоғы туралы сұрағанда, азамат "Иә" деп жауап берген. Кейін бұл сөзінің жай қалжың екенін айтқанымен, әзілдің салдары жеңіл болмады.

Қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатер ретінде тіркелген бұл мәлімдеме бірден тиісті тәртіппен қаралды. Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері мен авиациялық қауіпсіздік қызметі жедел әрекет етіп, жан-жақты тексеріс жүргізді. Эвакуация қажеттілігі туындамаған соң, әуежай қалыпты режимде жұмысын жалғастырды.

Істің мән-жайы қаралғаннан кейін, азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көліктегі полиция департаменті азаматтарға қауіпсіздікке қатысты кез келген, тіпті әзіл түрінде айтылған сөздер де құқық бұзушылық болып саналатынын және мұндай әрекеттер заңмен қатаң жазаланатынын ескертеді. Мұндай жағдайлар қоғамдық тәртіпке кері әсер етіп қана қоймай, өзге азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру