Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері Тараз тұрғындарынан аса ірі мөлшерде қарасора тәркіледі

Көлік полицейлері Тараз тұрғындарынан аса ірі мөлшерде қарасора тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарасора жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Шу – Аспара станцияларының аралығында есірткі заттарын жинап жүрген Тараз қаласының 3 тұрғыны анықталып, ұсталды. Олардан спецификалық иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған бір қапшық табылып, тәркіленді.

Құқық бұзушылардың бірі бұрын ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) және 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотталған. Сот-сараптамалық зерттеудің қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 16,4 келіні құрайтын, яғни аса ірі мөлшердегі кептірілмеген қарасора есірткі заты болып шықты.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта сот ұсталғандарға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру