Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полиция есірткі курьерін қолға түсірді

Шымкентте полиция есірткі курьерін қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысын Қаратау ауданының учаскелік инспекторлары анықтады. Полицейлер есірткі курьерін “Құқықтық тәртіп” іс-шарасын өткізу барысында қолға түсірді. Көше бойында тәртіп сақшыларын көре салысымен жүру бағытын өзгертіп, жасырынуға тырысқан жігіт өз әрекетімен күдік тудырған.

Тексеру барысында оның сөмкесінен 35 есірткі орамасы мен жасырын орынды қазып дайындауға арналған бұрағыш құралы табылды.

Бұдан бөлек, ер адамның 10 жерге есірткі заттарын тығып үлгергені белгілі болды. Олардың барлығы табылып, тәркіленді.
Күдікті қамауға алынды.

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру