Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полиция 2 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

Алматы облысында полиция 3 күн ішінде 2 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Профилактикалық іс-шаралардың 3 күнінде Алматы облысының тәртіп сақшылары 2799 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті.

– Полиция қызметкерлері елді мекендерді, әкімшілік учаскелерді және саяжай массивтерін патрульдеуге көп көңіл бөлді. ЖПІШ шеңберінде есепте тұрған 2011 адам, оның ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанм – 297, әкімшілік қадағалауға жататын – 368, пробация қызметінде – 619 адам, ерекше талаптар белгіленген 168 адам және қорғау нұсқамасы шығарылған 381 адам тексерілді, – деп атап өтті ПД ЖПҚБ бастығы Мұрат Қалиасқаров.

Бұрын жасалған 14 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген 4 адам табылды. Облыс бойынша барлығы 2799 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін – 185, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуы – 292, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы бойынша – 113, ұсақ бұзақылық – 78.

– ҚР жол қозғалысы ережелерінің құқық бұзушылықтарын анықтауға ерекше көңіл бөлінді. Мәселен, 3 күн ішінде полицейлер жол қауіпсіздігі желісі бойынша 1030 бұзушылықты анықтады. Оның ішінде жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушыларының қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін – 839, мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін – 24, жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермегені үшін – 165 адам жауапкершілікке тартылды, – деп толықтырды М. Қалиасқаров.

Рейд барысында полицейлер жүргізушілерге ЖҚЕ қатаң сақтау қажеттігін, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланудың маңыздылығын және рұқсат етілген жылдамдық режимін сақтауды еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру