Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері жүк вагондарынан ферроқорытпа өнімдерін ұрлаған бір топ адамды ұстады

Көлік полицейлері жүк вагондарынан ферроқорытпа өнімдерін ұрлаған бір топ адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақсу қаласының төрт тұрғынын анықтап, ұстады.

Қылмыстық топ алдын ала сөз байласу арқылы Ақсу-1 станциясындағы жүк вагондарынан ферроқорытпа өнімдерін бірнеше рет ұрлаған.


Қылмыс жасалған кезде олардың екеуі теміржол ұйымының қызметкерлері болған.

Қасақана жасалған қылмыстық әрекеттер салдарынан “ҚАЗХРОМ” ТҰК” АҚ филиалының Ақсу ферроқорытпа зауытына 5 млн теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілген.

Аталған дерекке қатысты көлік полицейлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Павлодар облысының Ақсу қалалық соты аталған топ мүшелерін кінәлі деп танып, мүлкі тәркіленіп, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге үкім шығарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру