Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылған солтүстікқазақстандық масаң күйде қайта көлік басқарғаны үшін ұсталды

Көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылған солтүстікқазақстандық масаң күйде қайта көлік басқарғаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қаңтарға қараған түні рейд барысында Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның ПБ қызметкерлері елді мекендердің бірінде 34 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушіден ішімдіктің иісі шығып тұрған, медициналық куәландыру масаңдығын растады. Бұдан бөлек, ауыл тұрғыны осындай құқық бұзушылық жасаған үшін соттылығының бары белгілі болды. Өткен жылдың мамыр айында сот оны 2,5 жылға бас бостандығын шектеуге және өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айыруға үкім шығарды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, көлік арнайы тұраққа қойылды.

– Жүктелген жазаны елемейтін адамдар заңды құрметтемейтіндігін көрсетеді, жол қозғалысының барлық қатысушыларына қауіп төндіреді. Масаң күйде көлік басқарғаны үшін заңнамамен қатаң жауапкершілік көзделген. Басқару құқығынан айырылған, алайда кейін спирттік ішімдік ішіп көлік тізгініне қайта отырған адамдар Қылмыстық кодекспен жазаға тартылады. ҚР ҚК 346-бабының санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды және өмір бойы жүргізу құқығынан айыруды көздейді, — дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин.

Масаң күйде көлік жүргізуге әуестермен күрес – полиция жұмысының басым бағыттарының бірі. Мұндай жағдайлар рейдтер мен жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында анықталады. Өткен жылы СҚО-да ҚР ҚК 346-бабы бойынша 57 факті тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру