Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік жүргізу құқығынсыз мас жүргізушілер көлік жүргізуін доғарар емес

Павлодар облысының тәртіп сақшылары үнемі мас күйінде автокөлікті басқарған ереже бұзушыларды анықтау бойынша іс-шараларды өткізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция батальонының қызметкерлері 16 қыркүйекте түнде Шөкин көшесінде патрульдеу кезінде “ВАЗ-2111” автокөлігін ұстады. Полицейлер “Лада” көлігінің 31 жастағы жүргізушісінен алкогольдің иісін сезді. Медициналық тексерісте орташа алкогольдік масаңдық анықталды. Ер адам полицейлерге оны маңызды нәрселер күтіп тұр және өте асығыс екенін жеткізді. Түсінуді және жіберуді сұрады. Бірақ осындай өрескел құқық бұзушылықтардың салдарынан жазықсыз адамдар құрбан болуы мүмкін, полиция бұндай жүргізушілерді жауапқа тартады.

Сонымен қатар, ер адам бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған болып шықты.
Полицейлердің үнемі мас күйінде көлік жүргізбеңіздер деген ескертулеріне қарамастан, кейбір жүргізушілер өздерінің және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін ескермей келеді.

Қазіргі уақытта ер адамға қатысты тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру