Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері “Әлемді тазартайық” дүниежүзілік акциясын қолдады

Қостанай полицейлері “Әлемді тазартайық” дүниежүзілік акциясын қолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық ПД және Қостанай қалалық ПБ полиция қызметкерлері Қостанай облысының киелі жерлерінің тізіміне енген Ыбырай Алтынсарин мавзолейінің аумағын тазалады. Іс-шара “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасының “Туған жер” және “Әлемді тазарту” дүниежүзілік акцияларына қолдау көрсету аясында өтті. Тәртіп сақшылары ағартушының кесенесінің барлық аумағын тазалады. Керемет ауа-райы көңіл-күй мен еңбекке ықпал етті. Полицейлер ұжымдық жұмыс кезінде қоршаған табиғатқа ұқыпты және жауапты қарым-қатынастың қалай қалыптасатынын көрсетті.

– Сенбілік-бұл ұжымдық рухты көтерудің, біріктірудің, психологиялық климатты жақсартудың тамаша тәсілі. Сенбілік бейресми қарым – қатынас пен өзара іс-қимыл жасауға, қарым-қатынас орнатуға жағдай жасайды, әріптестерге бір-бірін жақсырақ білуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті кадр саясаты басқармасының бастығы Нұрлан Бултаев.


Дүниежүзілік мәртебеге ие болған акция алғаш рет 1993 жылдың қыркүйегінде Австралия тұрғындары елдің жағажайларын тұрмыстық қалдықтардан тазартудан басталған. Бірте-бірте акцияға басқа елдер қосылды және бүгінде оған әлемдегі 100 мемлекеттен миллиондаған еріктілер қатысады. Халықаралық қозғалыстың мақсаты – қоғамның назарын қоршаған ортаның ластану проблемаларына назар аудару және таза планетаны сақтаудың маңыздылығын атап өту.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру