Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көшеде шабуыл жасап, жігіттің телефонын ұрлап кетті

Қарағандылық тәртіп сақшылары тонау қылмысын жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 тамыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 21 жастағы қала тұрғыны хабарласып, кешкілік уақытта үйіне келе жатқанда белгісіз біреу шабуыл жасап, дене жарақаттарын келтіру арқылы қолындағы ұялы телефонын тартып әкеткендігі туралы арызданған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгені құраған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

20 қыркүйек күні криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 17 жастағы азамат ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдіктіден айғақ зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп алынды. Айта кету керек күдікті бұған дейін де бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша жауапкершілікке тартылғандығы анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру