Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктен 2 ұялы телефон ұрлап кеткен тұрғын ұсталды

Шымкентте автокөлік ішінен екі ұялы телефон ұрлаған 27 жастағы ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 тамызда көлігін тұрақта қалдырған қала тұрғыны, қайта келгенде, екі бірдей ұялы телефонынын жоқтығын байқайды. Орын алған оқиға туралы ер адам полицияға хабар берді.
Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының тәртіп сақшылары жедел іс-шараларын жүргізу барысында 27 жастағы тұрғынды анықтап, жеткізді.

Ұялы телефондар иесіне қайтарылып берілді.

Жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру