Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлікті мас күйде жүргізетін жүргізушілер саны азаяр емес

Ақтөбе облысында жыл басынан бері масаң және есірткілік күйде көлік құралдарын басқарудың 106 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 11 қаңтарында күшіне енген заңнамадағы жаңа өзгерістерге сәйкес Қазақстанда көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік немесе есірткілік мас күйдегі жүргізушілерге қатысты жаза қатаңдатылды. Осы баптың санкциясы бойынша бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі жазаны көзделген.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында ҚР ҚК 346бабы бойынша “Көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы – 97 факті, 346-бабы 2-бөлігі бойынша “Абайсызда көлік құралын немесе өзге де мүліктің бүлінуіне, сондай-ақ адам денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан” – тоғыз факті тіркелді.

Жүргізушілердің жауапкершілігі туралы заңнаманың қатаюына қарамастан, бұрын жүргізуші куәлігінен айырыла тұра, көлік құралын мас күйінде басқару фактілері орын алуда.

Мысалы, 13 шілдеде сағат 10.55 шамасында Спортивная көшесінде орналасқан “Евразия” медициналық орталығы жанында патрульдеу кезінде, “VOLKSWAGEN Passat” автокөлігін басқарған, бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған Ақтөбе қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.

13 шілде күні сағат 16:15-те Некрасов және Жангелдин көшелерінің қиылысында 49 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны жүргізуші құқығынан айырылған бола тұра, “Toyota Camryавтокөлігін мас күйінде басқарып, “Ваз-21140″ автокөлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде “Toyota Camryавтокөлігінің жүргізушісі дене жарақатын алған. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Осыған ұқсас, заңнама талаптарына сәйкес қылмыстық кодекстің аталған баптарына соттардың үкімдері де қатаңдатылды. Егер бұрын аталған қылмыстарды жасаған жүргізушілерге қатысты негізінен алты айдан бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған болса, қазіргі уақытта бірнеше айыпталушы өмір бойы жүргізуші құқығынан айырылып, екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті тұрғындарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде тарнспорттық құралдарды басқармауды сұрайды және ескертеді, өйткені сіздің ойланбаған іс-әрекеттеріңізден еш нәрсеге немқұрайлы емес адамдар зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру