Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлікті мас күйде жүргізген жүргізушілер анықталды

Ақтөбе облысы Қобда ауданының Қобда ауылында бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған жергілікті тұрғын мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Былтыр жүргізуші мас күйінде көлік айдап, жол-көлік оқиғасына тап болып, нәтижесінде кәмелетке толмаған жолаушы қыз бала көз жұмды. Жүргізуші көлік айдау куәлігінен айрылып, 2,6 жылға шартты түрде сотталды.

Осыған қарамастан, 2020 жылдың 17 сәуірінде ол алкогольдік мас күйінде өзінің ВАЗ-21099 маркалы автокөлігімен Қобда ауылындағы Алтынсарин көшесіндегі көпсалалы колледждің қоршауына соғып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Жүргізуші жауапсыздығынан жарақат алған 41 жастағы көлік жолаушысы Қобда ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 2-бөлігі (көлік құралын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде жүрген адамның абайсызда адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан көлік құралын басқару) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен қатар, 17 сәуірде полиция қызметкерлері бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның есірткілік мас күйінде көлік құралын жүргізу фактісінің жолын кесті.

1973 жылы туған ақтөбелік ВАЗ-2115 маркалы автокөлігі Зинченко көшесінде ұсталды. Көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған ер адам автокөлікті есірткілік мас күйінде басқарған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті мұндай фактілер адам өліміне әкеп соқтыратынын ЕСКЕРТЕДІ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру