Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлікті сатып алмас бұрын автокөліктің тіркелуіне қатысты толық тарихын ІІМ-ден білуге болады

Көлікті сатып алмас бұрын автокөліктің тіркелуіне қатысты толық  тарихын ІІМ-ден білуге болады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қараша айында ІІМ ақпараттық жүйелерінде азаматтарға ақпараттық қызметтердің жаңа түрлерін ұсыну бойынша сервистер әзірленді.

Атап айтқанда, жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарының болуы, оларға кепілдер мен ауыртпалықтар туралы анықтамаларды электрондық түрде алуға болады.

Сондай-ақ, азаматтар автокөлікті сатып алмас бұрын оның тіркелуіне қатысты толық тарихын көзімен көріп, сұратып ала алады.

Бұл сервистер “электрондық үкімет” порталында “ҰАТ” АҚ тарапынан тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін жақын арада халықтың пайдалануына ұсынылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру