Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері бір жыл бойы іздеуде жүрген шетелдікті іздеп, тапты

Алматы облысының полицейлері бір жыл бойы іздеуде жүрген шетелдікті іздеп, тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық іздестіру тобының жедел уәкілдері Еңбекшіқазақ аудандық Полиция басқармасының Көші-қон қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезіндегі есепке алу бойынша тексеру барысында Рахат ауылының 29 жастағы тұрғынының бір жылдан астам уақыт бойы хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде мемлекетаралық іздеуде жүргенін анықтады. Ер адамды Өзбекстан Республикасының құрамына кіретін Қарақалпақстан Республикасында тұратын ата-анасы іздеп жатқаны белгілі болды. Іздеу жарияланған азамат туралы, оның нақты тұрғылықты мекенжайы мен уақытша тіркеуі жайлы мәлімет іздеп жатқан органға жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру