Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Компьютерлік клубта ұрлық жасаған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтанда “Байқоңыр” аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұялы телефон ұрлаған 29 жастағы күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам түнгі сағат 04:30 шамасында Кенесары көшесінде орналасқан компьютерлік клубқа клиент кейпінде кіріп, ойын орнында ұйықтап қалған ойыншыны байқайды. Күдікті жақындап келіп, алдымен оның іс-әрекетін бақылап тұрған куәгерлердің бар-жоғына көз жеткізіп, содан кейін ұйқылы ойыншының үстелінде жатқан Samsung маркалы ұялы телефонды ұрлап алып, бой тасалаған. Оның гаждетті көшеде бейтаныс адамға сатып жібергені белгілі болды. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру