Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз жол” іс-шарасы: елордалық полицейлер жол қауіпсіздігінің жай-күйі туралы айтты

Полиция департаменті елорда жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында 19 шілде мен 18 тамыз аралығында қала аумағында “Қауіпсіз жол” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. 

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 9142 жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталды. 

“Қорғау” қосымшасын пайдалану арқылы 466 жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберілді.   

– көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 69 жүргізуші;

– апатты жағдай тудырғаны үшін 204 бұзушылық;

– қарама-қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 41 жүргізуші;

– бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткені үшін 264 жүргізуші;

– жаяу жүргіншілердің жолдың жүру бөлігін кесіп өту ережесін бұзған – 1809;

– жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 48 жүргізуші анықталды;

– барлығы 244 автокөлік айыппұл тұрағына орналастырылды.

“Қауіпсіз жол” жедел алдын алу шарасы аясында автошеру ұйымдастырылды. Автошеруге тақырыптық билбордтармен болған апаттан кейінгі көлік қатысты. Автошеру қозғалысы апаттардың алдын алуға үндеумен қатар жүрді.

Сонымен қатар ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бастамасымен “Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы автокөлік құралдарының экологиялық мониторингі” жобасы іске қосылды.

Жылжымалы экологиялық бекеттер жұмысының қорытындысы бойынша шілде айында автокөлік құралдарынан шығатын газдардың уыттылығына 2,7 мыңнан астам өлшеу жүргізілді. Осылайша 260-тан астам автокөліктің белгіленген нормадан асып кеткені анықталды.

Сондай-ақ жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 12 сипаттамалық ЖКО тіркелді, онда 12 адам зардап шекті, оның ішінде біреуі кәмелетке толмаған жасөспірім.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру