Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қонақ көңіл көтеруге келіп, үй иесінің ұялы телефонын ұрлап кетті

Дастархандас әйелдің ұялы телефонын ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға телефоны ұрланғаны жөнінде әйел хабарласқан.

Жәбірленушінің айтуынша, ол қонаққа танысын шақырып, кейіннен бірге алкогольді сусындарды ішкен. Қонақжай әйел танысы кеткеннен кейін ұялы телефонының жоқ екенін байқаған.

Полицейлер бағасы 350 мың теңге тұратын «Huawei P30» маркалы телефонды әйелдің бөлмеден аз уақытқа шыққан кезінде ұрланғанын анықтаған.

Отырыс аяқталғаннан кейін, күдікті кетіп қалып, кейін ұялы телефонды сатып жібірген.

Ұсталған адам өз кінәсін мойындаған және телефонның құнын өтеп берген.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ, оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру