Көпбалалы полицейлердің жанұясы мереке қарсаңында марапатталды
Түркістан облысында көпбалалы полицейлердің жанұясы мереке қарсаңында марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2013 жылдан бері елімізде Отбасы күні мерекесі тойланып келеді. Аталған мереке қарсаңында Түлкібас АПБ полиция қызметкерлері ерлі-зайыпты полицейлердің отбасына арнайы барып, құттықтап қайтты.
Тарқатып айтар болсақ, Түлкібас аудандық полиция бөлімі бастығының арнайы алғыс хаты мен сый-сияпаттарын жас отбасы және көпбалалы болып табылатын полицейлерге әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Гүлбану Есенқұлова табыстады. Ол ерлі-зайыпты сақшылардың үйлеріне арнайы барып аралап, бөлім бастығы атынан мерекелік тартуды берді.
Өз кезегінде марапатталған көпбалалы полицейлер анасы құттықтап келген полиция ұжымына алғыстарын айтып , барша қазақстандықтарды отбасы мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.