Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда ер адам 8 жасар баладан ұялы телефон ұрлап кетті

Жезқазғанда ер адам 8 жасар баладан ұялы телефон ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қыркүйекте Қарағанды ​​облысының Жезқазған қаласында көпқабатты үйлердің бірінің жанындағы ойын алаңында белгісіз біреу 8 жасар қыздың абайсыздығын пайдаланып, 25 мың теңге тұратын ұялы телефонды ұрлап кеткен.

Баланың анасы 30 жастағы әйел көмек сұрап, учаскелік полиция пунктіне арызданған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті 59 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Айғақты зат алынды.

ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру