Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Итті қорлаған қатыгез қолға түсті

Атырау облысында итті қорлап, ұрып-соққан қатігез қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға арызданған әйел бейнежазба ұсынған. Онда белгісіз біреудің итті қорлап, ұрып-соғып жатқаны жазылған.

Тәртіп сақшылары алдымен оқиғаның болған жерін анықтады. Көп ұзамай 1991 жылы туған күдікті де белгілі болды.


Оның мұндай оспадар әрекетке неліктен барғаны түсініксіз.
Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 316-бабымен (жануарларға қатігездік жасау фактісі) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Полицияға арыз жолдаған Атырау қаласындағы «Доброе сердце» қоғамдық бірлестігінің мүшелері әлеуметтік желідегі өз парақшаларында полиция қызметкерлерінің күдіктіні анықтаудағы кәсіби шеберліктеріне алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру